Демалыс күндері республика аумағында жаңбыр жаууы мүмкін
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, демалыс күндері Өзбекстанның кейжерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Ташкент облысы, Ферғана алқабы облыстары мен республиканың тау бөктерінде және таулы аудандарының кей жерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Кей өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал. Республика бойынша аймақтарда желдің жылдамдығы 18-23 м/с күшейеді деп күтілуде.
Осы күндері температура фоны орташа көпжылдық көрсеткіштерден жоғары болып, 34-39 градусты құрайды.
Бүгін оңтүстік және шөлді аймақтардың кей жерлерінде температура 40-42 градусқа жетеді.