Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Делиде Өзбекстан мен Үндістан журналистері арасында меморандумға қол қойылды
12:35 / 2024-05-24

Дели қаласында Өзбекстан Журналистер одағы мен Үндістанның баспасөз клубы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Осыған орай ұйымдастырылған шараға қабылдаушы елдің орталық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Өзбекстан журналистері мен Үндістандағы елшілік қызметкерлері қатысты.

Тараптар екі ел арасындағы әріптестік кейінгі жылдары тұрақты дамып келе жатқанын атап өтті. Жылдам әрі шынайы ақпарат алмасу, журналистер арасындағы байланысты дамыту, БАҚ өкілдерінің тәжірибелері мен дағдыларын тиімді алмасу сияқты өзекті мәселелер бойынша пікірлер айтылды.

Атап айтқанда, Өзбекстанның Үндістандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Сардор Рустамбоев, «Жаңа Өзбекстан» және «Правда Востока» газеттерінің бас редакторы Салим Дониёров, Өзбекстан Журналистер одағы төрағасының міндетін атқарушы Холмурод Салимов республикада Президент Шавкат Мирзиёев жетекшілігінде барлық салада, әсіресе, бұқаралық ақпарат құралдары саласында үргізіліп жатқан реформалар, баспасөзде сөз бостандығы, ашықтық, БАҚ өкілдеріне жасалып жатқан мүмкіндіктер мен жеңілдіктер туралы айтты.