Әдебиет бойынша 2021 жылғы Нобель сыйлығы танзаниялық жазушыға берілді
2021 жылғы Әдебиет саласы бойынша Нобель марапаты қазіргі кезде Ұлыбританияда тұратын танзаниялық жазушы Абдулразак Гурнаға нәсіп етті.
Швед академиясы оның «колониализм салдары мен мәдениеттер және құрлықтар арасында қалған босқындардың тағдыры туралы жазғаны үшін» марапатқа лайық деп бағалаған.
73 жасты жазушы Абдулразак Гурна 1948 жылы Занзибар аралында, араб ұлтынан шыққан мұсылмандар отбасында дүниеге келген. 1968 жылы Занзибардағы арабтарға қарсы көңіл-күйдің әсерінен ол Ұлыбританияға көшіп, оқуын жалғастырды. Оның алғашқы романы 1987 жылы «Кету жайлы есетелік» деген атпен жарық көрген.
Еске сала кетейік, 2020 жылғы Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығы америкалық ақын Луиза Глюкке «болмысты өзінің қатал сұлулығымен жеке өмірді әмбебап ететін қайталанбас поэтикалық дауысы» үшін берген болатын.