Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ДДСҰ қытайлық Sinopharm вакцинасын төтенше жағдайларда қолдануға рұқсат берді
22:39 / 2021-05-07

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдың Sinopharm компаниясы жасаған коронавирустық вакцинаны төтенше жағдайларда қолдануға рұқсат берді.

Бұл туралы ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус хабарлап, «ДДҰ бүгін Бейжіңнің коронавирусқа қарсы Sinopharm вакцинасын төтенше жағдайларда қолдануға болатын препараттар қатарына қосты», - деді ол.

Атаулы вакцина ДДСҰ қауіпсіз және тиімді деп тапқан алтыншы вакцина болып табылады. Бұған дейін 30 сәуірде ДДСҰ төтенше жағдайларда американдық Moderna компаниясы жасаған вакцинаны қолдануға рұқсат берген болатын.