ДДСҰ «Pfizer» вакцинасын төтенше жағдайда қолдануға кеңес берді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын төтенше жағдайда қолдануға кеңес берді.
«Бейсенбі күні ДДСҰ Pfizer/BioNTech компаниясының COVID-19 коронавирусына қарсы mRNA вакцинасын шұғыл қолдану үшін тіркеуден өткізіп, бұл коронавирус эпидемиясы бір жыл бұрын басталғаннан бері алғашқысы», - делінген хабарламада.
Вакцинаның тізімге енуі ЮНИСЕФ пен Панамерикандық денсаулық сақтау ұйымына аталған препаратты мұқтаж елдерде тарату үшін сатып алуға мүмкіндік беретіні айтылған.