Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ДДСҰ маймыл шешек ауруына байланысты халықаралық төтенше жағдай жариялады
11:04 / 2024-08-15

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы маймыл індетіне байланысты төтенше жағдай жариялады.

ВВС хабарлауынша, халықаралық төтенше жағдайдың жариялануына Африка континентінің кейбір бөліктерінде маймыл шешек жағдайының бақылаудан шығуы себеп. Қазір Орталық Африкада бірнеше жаңа індет пайда болған.

Конго Демократиялық Республикасында маймыл шешектен кем дегенде 450 адам көз жұмған. Ауру қазір орталық және шығыс Африканың кейбір бөліктеріне таралған және ғалымдар аурудың жаңа нұсқасының тез таралуы мен өлім деңгейінің жоғары болуына алаңдаушылық білдіруде.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейюс індеттің Африкаға және одан тыс жерлерге таралу мүмкіндігі «өте алаңдатарлық» екенін айтып, қажетті шаралар қабылданбаса, маймыл шешек Азия мен Оңтүстік Еуропаға таралуы мүмкін екенін мәлімдеген.

«Бұл індетті тоқтату және адамдардың өмірін сақтап қалу үшін үйлестірілген халықаралық әрекет қажет. Адамзат бұл індетті байыппен қабылдауы керек», - деген Тедрос Гебрейсус.

Жыл басынан бері Конго ДР-да аурудың 13 700-ден астам жағдайы тіркелген. Сондай-ақ Африканың басқа елдерінде – Бурунди, Орталық Африка Республикасы, Кения және Руандада жаңа жағдайлар байқалған.