ДДСҰ маймыл шешегіне байланысты шұғыл жиналыс өткізеді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адамдар арасында таралып жатқан маймыл вирусының халықаралық алаңдаушылық тудыратын қоғамдық денсаулыққа қауіп төндіретінін талқылау үшін шұғыл жиналыс өткізеді.
Reuters-тің хабарлауынша, кездесу 23 маусымда өтеді деп күтілуде.
Жыл басынан бері маймыл шешегін жұқтырудың 1,6 мың жағдайы тіркелсе, тағы 1,5 мың адам күдікті ретінде анықталған. Бүгінге дейін ауру жұқтырған 72 адам қайтыс болды. Жалпы, вирус 39 елде анықталған.
Вирус алғаш рет 1958 жылы маймылдарда, 1970 жылы адамдарда табылған.