Әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтыру деңгейі соңғы төрт апта қатарынан артып келеді.
ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесустың мәлімдеуінше, өткен аптада 10 апта ішінде азайып бара жатқан өлім санының да өскені байқалған.
«ДДСҰ-ның бір аймағынан басқа, қалған алты аймақта аурушаңдықтың жоғарылауы байқалды және өлім-жітім де 10 апталық төмендеуден кейін тағы өскен », - деді Гебрейесус брифингте.
Оның айутуынша, қазіргі уақытта әлемде коронавирусқа қатысты жағдай нашарлап бара жатыр.
7 шілдеде ДДСҰ басшысы вакциналар өндірісі мен таралуындағы теңсіздікке байланысты коронавирустық жаңа мутациялар вакциналардан «озып кетті» деп мәлімдеді. Ол, ДДСҰ-ның қазіргі басты міндеті қыркүйек айына дейін барлық елдердегі халықтың 10 пайызын, 2021 жылдың аяғында 40 пайызын және 2022 жылдың ортасына қарай 70 пайыз халықты вакцинациялау керектігін айтқан.