ДДСҰ: Әлем жаңа пандемияға дайындалуы керек
Әлемдік қауымдастық алдағы үш айда жаңа пандемияға дайындалуы керек. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесустың мәлімдеді.
«Келесі үш ай болашақ пандемияға дайындық пен оған қарсы әрекет етудің маңызды кезеңі болады», - деді Гебрейесус Женевадағы брифингкте.
Ол әлемдегі жағдай тұрақтанғанын, бірақ аурушаңдық пен өлім әлі де өте жоғары деңгейде екенін айтқан.
ДДСҰ басшысы сонымен қатар барлық қауіпсіздік шараларын сақтауды, қорғаныс маскаларын тағып жүру және мүмкіндігінше COVID-19 вакцинасын алуды ұсынды.
Джонс Хопкинс университетінің 2021 жылдың 26 тамызы күнгі таңғы сағат 07:21 дерегінше әлемде 213 920 273 адам коронавирус жұқтырған. Пандемия басталғалы 4,4 млннан аастам жан құрбан болса, қазірге дейін 5 млдр дозадан астам вакцина қолданылған.