ДДСҰ: Коронавирустың омикрон штаммы 77 елде тіркелді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесустің айтуынша, омикрон штаммына қатысты жағдайлар әлемнің 77 елінде тіркелген.
«Омикрон көптеген елдер аумағына жеткен, бірақ ол әлі анықталмаған болуы мүмкін», - деді Гебрейесус.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры жаңа штамм жылдам қарқынмен таралып жатқанын айтып, оның ауыр жағдайлары болмаса да, инфекциялар саны тұрақты түрде өсетінін, бұл ауруханалардың толып кетуіне әкелуі мүмкін екенін мәлімдеген.
Оның айтуынша, омикрон штаммын тек коронавирусқа қарсы вакцинациямен тоқтату мүмкін емес: санитарлық шараларды, соның ішінде бетперде тағу, қашықтықты сақтау, үй-жайларды желдету және қол гигиенасын сақтау қажет.