Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ДДСҰ коронавирусқа қарсы үшінші вакцинаны мақұлдады
00:11 / 2021-03-13

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) Johnson & Johnson комапниясының коронавирусқа қарсы вакцинасын шұғыл жағдайларда қолдануға рұқсат берді.

«Коронавируспен күресудің әрбір жаңа қауіпсіз және тиімді құралымен пандемияны жеңуге бір қадам жақындай түсеміз», - деген ДДСҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус.

Атаулы вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан мақұлданған үшіншісі болып, бұған дейін өткен жылдың 31 желтоқсанында Pfizer/BioNTech вакцинасын және 15 ақпанда AstraZeneca вакцинасын мақұлдаған болатын.

АҚШ-тың  Johnson & Johnson компаниясы әзірлеген вакцинаны 11 наурызда Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі мақұлдады. Сондай-ақ, вакцина АҚШ, Канада және Бахрейнде қолдануға рұқсат етілген. Бұл вакцинаның басқалардан айырмашылығы – емдеу процесі кезінде тек бір доза қолданылады.