English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ДДСҰ екі жаңа COVID-19 препаратын мақұлдады
14:32 / 2022-01-14

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты емдеуге ұсынылатын препарат тізіміне екі жаңа дәрі қосты.

ДДСҰ тиісті ақпаратты британдық BMJ медициналық журналында жарияланған ұсынымдарында көрсетті. Онда, коронавирустың ауыр жағдайында емдеуге Бариситиниб препараты, ал орташа деңгейдегі ковидпен ауыратын, бірақ ауруханаға жатқызу қаупі жоғары адамдар үшін Сотровимаб препаратын қолдану ұсынылған.

Бұл әсіресе егде жастағы адамдарға және иммунитет тапшылығы немесе қант диабеті сияқты созылмалы аурулары бар адамдарға қатысты.

ДДСҰ сонымен қатар препараттың жаңа нұсқаларға, атап айтқанда омикрон штамына қарсы тиімділігі «әлі күнге дейін белгісіз» екенін айтқан.

Ұйым дерегінше, ДДСҰ сарапшылары әртүрлі деңгейде ковидпен ауыратын 4000-нан астам адамды қамтитын жеті клиникалық сынақтың деректерін талдағаннан кейін қабылдаған. ДДСҰ сарапшылары емдеудің пайдасы жанама әсерлердің қаупінен басым екеніне сенімді.