Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ДДСҰ COVID-19 індетін емдеу үшін «Ремдесивир» препаратын қолдануға қарсы шықты
15:47 / 2020-11-20

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары «Ремдесивир» препаратын қолдануға қарсы шықты. Өйткені ол науқастарды емдеуде ешқандай нәтиже бермеген.

ДДСҰ препаратты қабылдауға қарсы ұсыныстары «Magic Evidence Ecosystem Foundation» коммерциялық емес ұйымымен (MAGIC) бірлесіп әзірлен болып, онда сарапшылар тобына 28 дәрігер, төрт пациент және этика бойынша бір маман қатысқан.

Ремдесивирдің тиімділігін тексеру бойынша 15 қазанда басталған жұмыс тобының нәтижесіне орай, жалпы төрт тәуелсіз сынақ жүргізіліп, онда 7 мыңнан астам пациентке қатысты мәліметтер сараптамадан өткізілген.  

Зерттеу тобының қорытындысына байланысты препарат COVID-19 індетін жұқтырған жандардың  өмір сүруге, жасанды тыныс алуға, қалпына келтіру уақытына және басқа көрсеткіштерге айтарлықтай әсер етпейді деген қорытындыға келген.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус дексаметазон  COVID-19 індетіне қарсы тиімділігі дәлелденген жалғыз дәрі екенін айтқан. Ол АҚШ президенті Дональд Трампты емдеу үшін де қолданылған.

«Ремдесивир» препаратын бастапқыда американдық фармацевтикалық «Gilead Sciences» компаниясы эболаға қарсы ем ретінде жасаған. Сәуір айындағы тестілеуден кейін ол АҚШ пен Еуропалық Одақта COVID-19 инфекциясы жұққандарға қолдануға рұқсат етілді. АҚШ Ұлттық денсаулық институттары Ремдесивирдің емдеу уақытын орта есеппен 15-тен 11 күнге дейін қысқартатынын айтқан болатын. «Gilead Sciences» компаниясының шілде айында шығарған мәліметтеріне сәйкес, препарат коронавирустың өлу мүмкіндігін азайтады. Алайда бұлар мәліметтер арнайы бақылау тобының зерттеуімен расталмады.