Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ДДСҰ басшысы «Өзбекстанның денсаулық сақтау үздігі» атанды
10:51 / 2023-05-26

ӨР денсаулық сақтау министрі Амрилло Иноятов Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейесуске «Өзбекстан денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалін табыс етті.

Министрлік мәліметінше, ӨР денсаулық сақтау министрі Женевада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 76-сессиясы аясында ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесуспен кездесті.

Кездесуде басты назар осы ұйымның қолдауымен Өзбекстанда жүргізіліп жатқан жұмыстардың тиімділігі және болашағын талқылауға аударылды.

«А.Иноятов Т. Гебрейесуске Өзбекстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. 

ДДСҰ басшысы Өзбекстанның медицинасында жүргізіліп жатқан реформаларды да жоғары бағалады. Әсіресе, туберкулезге қарсы іс-қимыл әрекет өзге елдерге үлгі болатындығын баса айтты», делінген хабарламада.

Ведомство дерегінше, кездесу соңында Тедрос Гебрейесус ДДСҰ мен Өзбекстан арасындағы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін «Өзбекстан Республикасының денсаулық сақтау үздігі» медалімен марапатталған.