French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ДДҰ өкілі: Адамзат 2021 жылы ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алмайды
14:13 / 2021-01-12

2021 жылы адамзат коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алмайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан осылай пікір айтқан.

«Біз 2021 жылы ұжымдық иммунитетке қол жеткізе алмаймыз. Кейбір елдерде миллиондаған қорғансыз адамдар өмір сүруде», - деген ол брифингте.

Сумия Сваминатанның айтуынша, ұжымдық иммунитет бірнеше елде пайда болса да, ол бүкіл әлемдегі халықты вирустан қорғамайды. Коронавирусқа қарсы шараларды ең болмағанда жылдың соңына дейін және вакцинация аяқталғанға дейін қабылдау керектігін білдірген.