Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ДДҰ басшысы әлемде коронавирус таралуының төрт сценарийін атады
01:37 / 2020-07-14

ДСҰ таратқан соңғы мәліметтері бойынша, жарияланған COVID-19 оқиғаларының жалпы саны әлемде 13 миллионға жуықтаған


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адхан Гебрейесус әлем елдерінде коронавирустық инфекцияның дамуын төрт сценарий бойынша сипаттап берді.

Бірінші топқа ол Оңтүстік-Шығыс Азия, Тынық мұхиты аймағы мен Кариб теңізі және Африка елдерін қосып, бұл аймақта ДДҰ басшысының айтуынша, олардың басшылары «жағдайды өз қолдарымен басқарды», бұл процесті халыққа осындай іс-әрекеттің қажеттілігін тиімді жеткізгенін айтты.

«Еуропалық» сценарийде кең ауқымды өршу болып, кейіннен биліктің іс-әрекеті мен халықтың реакциясы арқылы бақылауға алынды.

Үшінші сценарий бойынша - бұл билік шектеу шараларын қолданған, алайда олардың кейінгі әрекетіндегі әлсіздік аурудың өршуіне әкеп соқққан елдер қатары. Гебрейесустың пікірінше «бұл елдер нақты шараларды сақталмағандықтан немесе орындалмағандықтан онда жағдай асқынуда». ДДҰ басшысы бұл сценарийге қатысы бар мемлекеттерді атаған жоқ.

Төртінші жағдайға орай, ол Солтүстік және Оңтүстік Американы, Оңтүстік Азияны және Африканың кейбір елдерін осы топқа қосып, мұндағы елдерде жағдайлардың күрт өсуі байқалғанын айта келе коронавирустық пандемия эпицентрі, екі Америка жерінде қалды, дейді Гебрейесус.

ДДҰ таратқан соңғы мәліметтері бойынша, жарияланған COVID-19 оқиғаларының жалпы саны әлемде 13 миллионға жуықтаған. Ал одан 566 мыңнан астам адам пандемия құрбаны болғаны айтылады.