Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ДДҰ басшысы әлемде қанша коронавирус вакцинасы өндірісі басталғанын айтты
10:01 / 2020-07-02

ДДҰ басшысы әлем денсаулық сақтау саласына болашақта төнетін қауіптер алдында қорғансыз екендігіне алаңдаушылық білдірген


Тедрос Гебрейесустың мәлімдеуінше әлемде қазір 141 коронавирусқа қарсы вакцина жасалады жасалуда. ДДҰ басшысы бұл туралы «The Washington Post» газетінде жарияланған мақаласында мәлімдеген.

Оның айтуынша, вакцина коронавирус жөнінде ақпараттар тарай бастағаннан-ақ оны жасау жөніндегі іжұмыстар басталған. «Қазіргі кезде 141 вакцина әзірленуде. Бұл тұрғыдан сәтті нәижеге қол жеткізуге бірнеше ай кетуі мүмкін. Дегенмен толық қорғауға кепілдік жоқ, сонда да біз оған үміт артамыз», - деген Гебрейесус.

ДДҰ басшысы әлем денсаулық сақтау саласына болашақта төнетін қауіптер алдында қорғансыз екендігіне алаңдаушылық білдірген.

Қазіргі уақытта вакцинаны зерттеу көптеген елдерде жүргізілуде. Бұл ретте Қытай 8 вакцина жасаумен айналысуда әлемдік көшбасшылық етуде.