Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ДДҰ басшысы коронавирусты емдеудегі «ғылыми жетістік» туралы хабарлады
14:04 / 2020-06-17

Бұл COVID-19 жұқтырған науқастар арасында өлім деңгейін төмендететін алғашқы дәрі


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейсус Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы препараттың клиникалық зерттеулердің нәтижелерін ең жоғары. деп бағалаған.

Оның айтуынша «Бұл COVID-19 жұқтырған науқастар арасында өлім деңгейін төмендететін алғашқы дәрі. Ол оттегінің жетіспеушілігі немесе жасанды желдетуді қажет ететін ауру жандарды емдеудегі ғылыми жұмыстың үлкен жаңалық», деген.

Оксфордта жүргізілген зерттеу нәтижелеріне орай антиоксидантты дексаметазон препараты COVID-19 індетін жұқтырып жасанды желдету аппаратына қосылған науқастарда өлім деңгейін 35 пайызға, ал оттегінің жетіспеушілігінен қиналған аурулардың өлім көрсеткішін 20 пайызға төмендететіні анықталған.

Бұл жетістікті Британия премьер-министрі Борис Джонсонда жоғары бағалап, COVID-19 вирусымен күрестегі ғылыми жұмыстардың «осы уақытқа дейінгі ең үлкен жетістігі» болды, деген.