DAZN Сауль Альварес пен Авни Йылдырым арасындағы жекпе-жекті қабылдаудан бас тартты
DAZN басшылығын қазіргі уақытта Сауль Альварес пен Геннадий Головкин (GGG) арасындағы үшінші жекпе-жекті қызықтыратынын айтқан
Боксқа және басқа да бірнеше спорт түрлерін көрсететін DAZN арнасы мексикалық бокс жұлдызы Сауль Альварестің келесі жекпе-жегіне WBC тарапынан қарсылас ретінде ұсынылған Авни Йылдырымды мақұлдаудан бас тартты.
Сауль Альварес әр жекпе-жек үшін DAZN-мен 40 миллион долларлық келісімшартқа қол қойған. Егер келісімге сәйкес боксшы гонарар алуды қаласа, Йылдырым немесе бұрынғы әлем чемпионы Энтони Диррелл сияқты қарсыластар қабылданбайтыны айтылған.
DAZN басшылығын қазіргі уақытта Сауль Альварес пен Геннадий Головкин (GGG) арасындағы үшінші жекпе-жекті қызықтыратыны және WBA чемпионы Каллум Смит пен WBO чемпионы Джо Билли Саундерс сынды қарсыластар мен болатын жекпе-жек лайық деп табылған.