Дарданелл бұғазында жүк тасымалдау тоқтатылды
Түркия үкіметі бүгін қалың тұманға байланысты Дарданелл бұғазының екі жағы да кемелер үшін жабық екенін хабарлады.
«Ауа райының қолайсыздығына байланысты жергілікті уақыт бойынша сағат 09:00-ден бастап екі жақты кеме қозғалысы тоқтатылады», - деп хабарлады жағалау күзеті бас басқармасының баспасөз қызметі.
«Чанақ қорғаны» деп те аталатын бұл жер Еуропаның Балқан түбегін Азия құрлығымен байланыстырады. Бұғаздың ұзындығы 60 шақырым, ені 13-27 шақырым. Ертеде бұл жер грекше «Геллеспонт» – «Хеллеспонтус» деп аталған.