Данияның жүк әуе компаниясы Өзбекстанға рейс ашты
21 наурызда Данияның «Maersk Air Cargo» жүк әуе компаниясының ұшағы Науаи халықаралық әуежайына қонып, Биллунд - Науаи - Ханчжоу - Науаи - Биллунд бағыты бойынша Өзбекстанға рейсін жолға қойды.
Uzbekistan Airports мәліметінше, «Maersk Air Cargo» рейстері аптасына алты реттен басталса, кейінірек рейстер аптасына 36 ретке дейін өседі. Boeing 767 жүк ұшағы Даниядан Қытайға және Өзбекстан арқылы кері ұшады. «Науаи» әуежайы әуе компаниясының ұшақтарын техникалық қону, жанармай құю және экипажды ауыстыру үшін өткізу пункті болмақ.
Maersk Air Cargo – штаб-пәтері Биллунд қаласында орналасқан даниялық жүк авиакомпаниясы. Компания Maersk логистикалық тобына кіретін Star Air тасымалдаушысының негізінде 2022 жылы құрылған.