Даниялық велошабандоз Тур де Франс жеңімпазы атанды
Jumbo-Visma командасының даниялық велошабандозы Йонас Вингегор Тур де Франс жеңімпазы атанды.
25 жасты велошабандоз мансабында алғаш рет Тур де Франсты жеңіп алды. Ол жалпы есепте 79 сағат 32 минут 29 секунд нәтиже көрсеткен.
Жалпы классификация бойынша екінші орынды супер кезеңдік жарыстың былтырғы жеңімпазы UAE Team Emirates командасының словениялық спортшысы Тадей Погачар иеленді.
Үшінші орын - Ineos Grenadiers тобының британдық өкілі Герайн Томасқа нәсіп етті.