Дания премьер-министрі Метте Фредериксен отставкаға кетті
Дания премьер-министрі Метте Фредериксен парламенттік сайлауда оның «қызыл» коалициясының жеңіске жеткеніне қарамастан, отставкаға кетті.
Associated Press басылымының дерегінше, ол бұл әрекетін жаңа үкіметті құра алмайтынымен түсінтірген.
«Мен премьер-министр ретінде өте қиын жылды бастан өткіздім. Алдымен пандемия, енді инфляция. Мұның бәрі үкіметтің қайта сайлаудан өте алмайтынын көрсетеді», - деген Дания үкіметін 2019 жылдан бері басқарып келе жатқан Фредериксен.
1 қарашада Данияда парламенттік сайлау өтті. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Фредериксен мүше болған солшыл орталықтың «қызыл» блогы үкіметті құру үшін қажетті Фолькетингтен (Дания парламенті) 179 орынның 90-на ие болған. Орталық оңшыл блок 73, ал жаңадан құрылған орталық партия 16 орынға ие болды.