Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дания патшайымы Маргрете II тақтан бас тартынын жариялады
11:49 / 2024-01-01

Дания патшайымы Маргрете II 52 жыл билік жүргізгеннен кейін 2024 жылдың 14 қаңтарында тақтан бас тартатынын мәлімдеді.

83 жастағы монарх жексенбі, 31 желтоқсанда сөйлеген сөзінде бұл жағдайды жақында жасалған операциямен түсіндірген. Ол тақты мұрагер ханзада Фредерикке табыстамақ.

Монархтың айтуынша, бұл оқиға таққа отырғанына 52 жыл толған 14 қаңтарда болады. Ол тағын ұлы мұрагер ханзада Фредерикке беруді неит еткен. Даниялық БАҚ бұл мәлімдемені «мүлдем тарихи» деп атады.

Патшайымның айтуынша, мұндай шешім қабылдауына 2023 жылдың ақпанында беліне жасалған ота себеп болған. Операция сәтті болды, бірақ Маргрет атап өткендей, бұл оның таққа деген болашағын қайта қарауға итермелеген. 

Маргрет өз сөзінде Украина мен Газа секторындағы соғыстарды, жаһандық климаттық өзгерістер мен жасанды интеллект туралы да айтқан.

Маргарет II таққа 1972 жылы отырды және туысқаны патшайым II Елизавета қайтыс болғаннан кейін Еуропадағы ең ұзақ билік еткен монархқа айналды.