Дания үкіметі Копенгаген әуежайын 4,5 миллиард долларға сатып алды
Дания үкіметі жергілікті ATP зейнетақы қорынан Копенгагендегі екі әуежайды басқарушы Kobenhavns Lufthavne компаниясының 59,4 пайыз акциясын 4,5 миллиард долларға сатып алды.
Елдің Қаржы министрлігінің хабарлауынша, Дания үкіметі осы уақытқа дейін Kobenhavns Lufthavne компаниясының 39,2 пайыз акциясына ие болған және енді компанияның 98,6 пайыздық үлесіне ие болды.
Kobenhavns Lufthavne Копенгагеннің негізгі — Каструп әуежайын (Скандинавиядағы ең көп жолаушы ағыны бар әуежай) және Роскилле өңірлік әуежайын басқарады. 2023 жылы компания 580 миллион доллар табыс тапты, таза пайдасы — 55 миллион доллар.
Дания Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, үкімет әуежай инфрақұрылымын дамыту мақсатында компаниядағы мемлекеттің үлесін 50,1 пайызға дейін қысқартуды жоспарлап отыр.