Даниядағы байқалып жатқан қасиетті кітапты өртеу оқиғалары елдің шетелдегі беделіне нұқсан келтіруде.
Елдің сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде: - Даниядағы сөз бостандығы қоғамның маңызды құндылықтарының бірі болып табылады. Бүгінгі күні біз Құранды өртеуге байланысты әрекеттердің ауқымды болғаны соншалық, Дания әлемнің әртүрлі континенттерінде мәдениетін, дінін және әдет-ғұрпын қорлауды және кемсітуді насихаттайтын ел ретінде қаралуда, делінген.
Болып жатқан оқиғалар Данияның қауіпсіздігіне және біздің пікірлес елдеріміздің мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін. Дания үкіметі кейбір адамдар жасаған қорлау және абайсыз әрекеттерден аулақ. Бұл әрекеттер экстремистер үшін мүмкіндіктер туғызады. Әлемнің 15 елінің үкіметтері Копенгагенде болған жантүршігерлік оқиғаны айыптап мәлімдеме жасады.
Бүгін Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының отырысында Дания мен Швецияда қасиетті кітаптарды өртеуге байланысты оқиғалар талқыланады.