English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дания билігі коронавирустық мутацияға орай қаракүзендерді өлтіру қате болғанын мойындады
10:23 / 2020-11-11

Данияның ауылшаруашылық министрі Могенс Йенсен қарашаның басында елдегі барлық қаракүзендерді өлтіру туралы бұйрық қате болғанын мойындады.

Министр жергілікті телеарна арқылы жасаған өз баяндамасында қаракүзендер өсірумен айналысатын фермерлерден кешірім сұрап, мұндай қателік үшін жауапкершілікті өз мойнына алған және елдегі барлық қаркүзендерді жою процесі тоқтатылған.

Дания үкіметі қарашаның басында мутацияланған коронавирус жануарлардан адамға жұғу қаупіне байланысты елдегі барлық қаракүзендердің (олардың саны 15-тен 17 миллионға дейін жетеді) жойылатынын мәлімдеді. Алайда, жануарларды шұғыл жою туралы шешім қабылданған уақытта үкіметтің барлық шаруашылықтардан оларды жоюды талап етуге құқығы болмағаны белгілі болып, мұндай талап Дания конституциясына қайшы келген. Жануарларды жоюды ауру тіркелген шаруашылықтардан және олардан сегіз шақырым радиуста орналасқан фермалардан талап ету заңды болады. Әйтпесе, елде тиісті заң немесе төтенше жағдай енгізілуі керек еді.

Қаракүзендерді жаппай қыру жайлы министр мәлімдемесін өзгертіп, фермерлерге бұйрық емес, ұсыныс бергенін айтты. Оппозиция мен фермерлер бұл мәлімдемеге қарсы шыққан кезде, министр қателікті мойындап, «Біз қателік жібердік. Мен кешірім сұраймын. Мен қызметімде болып жатқан барлық жайттарға жауапкершілікті өз мойныма аламын. Бұл басқаша болуы мүмкін емес. Алайда, бұл Данияда коронавирус аясында қаракүзен өсіру мүмкіндігі өте қауіпті екендігін шығармайды», - деген министр Могенс Йенсен.

Осы жағдайдан кейін Дания премьер-министрі Метте Фредериксен депутаттардың сұрақтарына жауап бере отырып, министр Йенсен бұл мәселе бойынша парламент алдында есеп беретінін айтқан.