Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Даниил Медведев « National Bank Open» турнирінде чемпион болды
10:51 / 2021-08-16

Ресейлік теннисші Даниил Медведев Торонтодағы «Masters» сериясы құрамына кіретін беделді теннис турнирінде чемпион болды.

Әлемнің екінші ракеткашысы финалда ATP рейтингінде 32 орындағы америкалық Рейлли Опелканы 6/4, 6/3 есебінде жеңіске жетті. Бұл Медведевтің «Masters» турнирінде қол жеткізген төртінші кубогы.

1 сағат 23 минутқа созылған ақтық сында 25 жастағы ресейлік теннисші 6, Опелка 8 эйс соққысын орындады. National Bank Open-дегі сәтті жеңіс Даниил Медведевке 1000 рейтингтік ұпай мен 370 290 доллар ақшалай сыйлық әкелді.