Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«Даналық әліппесі» кітабының тұсаукесері өтті
14:29 / 2020-12-01

Ташкент облысының Жоғары Шыршық ауданындағы №2 қазақ мектебінде Қазқастан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі тарапынан Өзбекстандағы қазақ тілінде білім беретін мектептерге берілген «Даналық әліппесі» кітабының тұсаукесері өтті.

1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында шет елдегі қандастарды қолдау және қазақ жастарының ана тілінде білім алуына жағдай жасау мақсатында жасалған осынау игі шарада Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының Елшілігі кеңесшісі Р.Дүйсенов, Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығынан және аудандық Халыққа білім беру басқармасы мен зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Шет елдегі қазақ жастарын ана тілінде білім алуына бағытталған бастама арқасында Ташкент облысының Жоғары Шыршық ауданындағы №2 қазақ мектебінің кітапханасы «Даналық әліппесі» топтамасымен толықты. Топтама құрамында «Билер сөзі», «Аталар сөзі», «Бабалар батасы», «Домбыра күйі», «Қобыз үні», «Бесік жыры», «Нақыл сөз», «Халық жыры», «Халық тағылымы», «Халық ертегісі», «Халық әні», «Халық аңызы» атты қазақ халқының салт-дәстүрінен сыр шертетін кітаптар орын алған.