Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дана Уайт: UFC 249 – бұған дейінгі өткен турнирлерден үздігі болады
19:06 / 2020-04-27

9 мамырға жоспарланған турнир Флоридада бос стендтерде өтуі мүмкін


UFC президенті Дана Уайт 9 мамыр күні өтетін UFC 249 турнирі жайында өз пікірін айтып, оны бұған дейінгі өткен жекпе-жектерден әлдеқайда жоғары деңгейде өтеді деген.

«Жекпе-жек тізіміне назар аударған болсаңыз UFC 249 мен ұйымдастырған турнирлер ішінде ең үздігі болмақ. Өйткені Тони – Гетжи төбелесі өте қызықты болуы анық. Сонымен қоса, Генри Сехудо белбеуін тағыда қорғайтын болады. Бұдан бөлек Фрэнсис Нганну мен Розенстрайктің жұдырықтасуы, Джереми Стивенс - Калвин Каттар, Ковбой Cerrone - Энтони Петтис, Алексей Олейник - Фабрицио Вердум сынды мықтылардың октагондағы төбелесіне күә боласыз», - деген Дана Уайт.

Екі апта ішінде UFC үш турнир өткізуді жоспарлаған. Ал 9 мамырға белгіленген турнир Флоридада бос стендтерде өтуі мүмкін.