Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дамаск қаласында Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылады
10:55 / 2020-02-05

Бұл бастама Алматыда Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мерекесін атап өту салтанатында айтылды


Қазақстанның жетекші білім ордасы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Сирия астанасы Дамаск қаласынан филиалын ашады. Бұл бастама Алматыда Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мерекесін атап өту салтанатының бастау алуы барысында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» университеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мерейтойлық жылдың ресми рәсімінің ашылуында сөз алған ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ұлы ойшылдың 1150 жылдық мерейтойын атап өту аясында ауқымды шаралар тек ел көлемінде ғана емес, шетелдерде де жоспарланғанын, соның ішінде Қазақстанның Дамаск қаласындағы тарихи-мәдени орталығы базасында ҚазҰУ филиалын ашу қарастырылғанын жеткізді.

Бұл бастама ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтановтың әл-Фараби жылының салтанатты ашылуына келген Дамаск Университетінің президенті профессор Мохаммед Махер Кабакибимен кездесуінде талқылаған және мәртебелі қонақта бұл бастаманы қолдап, білім ордасының филиалын құруы мен қызметінің алға жылжуына сондай-ақ Қазақстан мен Сирия ғылыми-білім беру салаларында екіжақты қарым-қатынасын нығайтып, әл-Фараби мұраларына тереңнен зерттеу жүргізуге тиімді серпін беретінін айтқан.

2002051113022590f.jpg