Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дүниежүзінде саяхат туризмі пандемиядан кейін қашан басталады?
09:15 / 2020-04-14

Егер туризмдегі үзіліс кезеңі ұзап кетсе кейбір елдер тым кедейленіп кетуі мүмкін болған жағдайлар да жоқ емес


2020 жылдағы Бүкіләлемдік саяхат сапарлары әлемдік пандемияға байланысты тоқтап, шекаралар жабылыуы мен ұшақтардың самғауына тосқауыл болып қана қоймай әлемдік экономикалық дағдарысқа ұласуы мүмкін.

Әлемдік саяхатшы журналист Эоган Корри бұл процестің осы жылдың күзіне дейін өз қалпына келе қойуы екіталай дейді. Өйткені бұл үзіліс кезеңі пандемиядан кейін қанша уақытта өзі-өзін тіктеп алуына тікелей байланысты. Мен қыркүйекте қайта ұшаққа отырамын деп үміттенемін, алайда мұның бәрі толықтай келесі көктемнен басталса керек, деп туристер жақын арадағы жоспарлаған саяхат сапарлары үшін алдын-ала төлемдер жасаған болса оны қайтармауды сұраған ол. Өйткені бұл кезең сіздің сапарыңызға дейін аяқталып жатса өз ақшаңыздан айырылып қалмауды және туризм дағдысының жалғасуына өз үлесіңізді қосуға шақырады.

Туризм сарапшыларының болжамына сай бұл жағдай саяхат сапарлары мен туризмнің болашағына айтарлықтай өз әсерін тигізері нық, деген пікірлерді алға тартуда. Бүгінге дейін белгілі болғандай туризм саласы Бүкіләлемдік экономиканың негізгі бір бөлігі ретінде халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астам бөлігін құрайды. Егер бұл менханизмнің үзіліс кезеңі ұзап кетсе кейбір елдер тым кедейленіп кетуі мүмкін болған жағдайлар да жоқ емес.