Дүниежүзілік банк Өзбекстандағы азаматтық авиацияны жаңартуға көмектеседі
Биыл Өзбекстнада ішкі рейстерді орындайтын жаңа Humo Air әуе компаниясы құрылатын болып, компания жолаушыларға қазіргі бағадан айтарлықтай арзан бағада қызмет көрсететін болады
Өзбекстан үкіметі мен Дүниежүзілік банк кеңес беру қызметтері туралы келісімге қол қойды. Атаулы келісімнің мақсаты - елдегі азаматтық авиацияны жаңғыртуға көмек көрсету.
Жасалған жаңа келісімдер Дүниежүзілік банктің үкіметке азаматтық авиацияның ұлттық саясатын және түрлі сегменттерді дамыту стратегиясын жасауда көмектесетін болып, бұл процесс Көлік министрлігі, Өзбекстанның Азаматтық авиация агенттігі, «Uzbekistan Airways», «Uzbekistan Airports» және басқа мүдделі министрліктер мен ведомстволар арасында тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылатын болады.
Қауіпсіз, сенімді және тиімді авиация саласы елдегі сауда, бизнес және туризмді дамытудың маңызды факторы болып табылады. Біз үкіметтің осы саладағы ынтымақтастығын қолдаймыз. Біздің қарым-қатынасымыз Өзбекстан экономикасының одан әрі өсуіне және дамуына ықпал ететініне сенімдімін, дейді Дүниежүзілік банктың Өзбекстандағы өкілі Хидеки Мори.
Биыл Өзбекстнада ішкі рейстерді орындайтын жаңа Humo Air әуе компаниясы құрылатын болып, компания жолаушыларға қазіргі бағадан айтарлықтай арзан бағада қызмет көрсететін болады.