Дүниежүзілік банк Өзбекстанға дағдарысқа қарсы күрес үшін 1,2 млрд доллар бермек
Өзбекстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасын қолдау үшін банк басшылығы тағы 14 миллиард долларын жұмылдыруға ниетті екенін айтқан
Дүниежүзілік банк Өзбекстанға коронавирустық пандемияның экономикалық салдары негізінде келтірілген залалдың орнын тіктеу үшін 1,2 млрд доллар қаржылық көмек көрсетуі мүмкін.
Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің ресми сайтындағы хабарда, 6 сәуір күні Премьер-министрдің орынбасары Сардор Умурзаков Дүниежүзілік банк тобының Еуропа және Орталық Азия бойынша вице-президенті Сирил Мюллермен бейнебайланыс арқылы болған сұхбатта осы мәселені талқылаған.
Сирил Мюллер Өзбекстан Республикасы Президентінің басшылығындағы халықтың әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру және экономикалық белсенділікті қолдау бойынша қабылданған шараларды жоғары бағалаған және тараптар осы сұхбат барысында әлем жұртына қауіп төндірген коронавирустан қорғауға алдымен кәсіпорындарды, шағын және орта бизнесті, ауылшаруашылық тауар өндірушілері мен жеке кәсіпкерлерді қолдауға арналған бірлескен перспективалы шараларды талқылаған.
Бұдан бөлек Мюллер мырза Өзбекстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасын қолдау үшін Дүниежүзілік банк тобы құрған «Стратегиялық дайындық және әрекет ету бағдарламасының» 14 миллиард долларын жұмылдыруға ниетті екенін айтқан. Сонымен қатар, банк басшылығы денсаулық сақтау жүйесі, әлеуметтік қорғау институттары мен мекемелерін қаржыландыруға және бюджеттік қолдауға 1,2 млрд. АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты жедел бөлу мәселесі нақтыланып жатқанын айтқан.