Дүниежүзілік банк Өзбекстанға 500 миллион доллар бөледі
Дүниежүзілік банк Өзбекстан ауыл шаруашылығын модернизациялау жобасына 500 миллион доллар бөлді
Дүниежүзілік банк Өзбекстан ауыл шаруашылығын модернизациялау жобасына 500 миллион доллар бөлді.
Бұл жөнінде Өзбекстанның Инвестициялар және сыртқы сауда министрі Сардор Умурзақов пен Дүниежүзілік банктің Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Лилия Бурунчук 500 миллион долларлық несиелік келісімге қол қойған.
Жоба Халықаралық Қайта құру және Даму банкі мен Халықаралық Даму Ассоциациясы тарапынан сәйкесінше 276 миллион және 224 миллион доллар көлемінде қаржыландырылады.
Осы бөлінген қарылық жоба аясында Өзбекстанның барлық аймақтарындағы фермерлер мен агроқұрылымдардың өкілдері үшін өндірістің түрлі заманауи технологиялары, техникалық кеңестерге, қолдау қызметтеріне, агрологистика, фитосанитария және сауданы ұлғайту үшін қажет ақпарат көздеріне қол жеткізе алатын болады. Нәтижесінде, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілік пен экспорттық әлеуеттің өсуіне байланысты ішкі және халықаралық нарықтарға қатысу аясы кеңейеді.
Сонымен қатар, жергілікті коммерциялық банктердің жобаға қатысуы арқасында жергілікті тауар өндірушілер интенсивті бау-бақшаны дамытуға, жылыжай құру мен өнімдерді сақтауға қойма, қайта өңдеу қондырғыларын және энергия мен суды үнемдейтін технологияларды, ауылшаруашылық техникаларын сатып алуды қоса алғанда, экспортқа бағытталған қосымша құндылықтар тізбегін көбейту үшін олардан пайдалану перспективасын мен ұзақ мерзімді несиелік ресурстарды тарта алу мүмкіндігіне ие болады.