Cтуденттер үшін видеосабақтардан тұратын арнайы портал іске қосылды
Демалыс уақытында студенттердің шәкірт ақысында үзіліс болмайды, барлығы өз уақытында степендия алады
Өзбекстанда Білім министрлігі тарапынан демалыс кезінде студенттердің білім алу деңгейін қашықтықтан тұрып қолдау мақсатында ТAS-IX желісі арқылы «tube.edu.uz» видеопорталы іске қосылды.
Осынау видеопортал арқылы Өзбекстандағы жоғары білім беру мекемелерінің үздік профессорлары мен оқытушыларының сабақтары тұрақты түрде берліп барады. Осыған дейін де министрлік тарапынан студенттердің білім алуын қамту жөнінде әлеуметтік желінің Телеграм "@eduuz_online" арнасы арқылы видеодәрістер арнайы эфирге ұзатылып келеді.
Бұдан басқа «UzReport» телеарнасы ұжымымымен бірге академиялық лицей оқушылары үшін «Телесабақ» бағдарламасы теледидардан көрсетілуде.
Сондай-ақ, демалыс уақытында студенттердің шәкірт ақысында үзіліс болмайды. Тек төлемдік түрінде өзгерістер болуы мүмкін. Айталық осыған дейін нақты ақшалай алған студенттер демалыс екені ескеріліп, олардың рұқсатымен өз пластик картасы арқылы толықтай алатын болады.