«ЦСКА» бас директоры Роман Бабаев командадағы өзбекстандық жартылай қорғаушы Аббосбек Файзуллаевтің жалақысын көтергенін айтты. Клуб келісімшартты жаңартпай тұрып, биыл өсуге қол жеткізген футболшының жалақысын өсірген.
«Негізгі мақсатымыз — команданы күшейту, бірақ көп ақша жұмсап, бәрін таңғалдыру ойымызда жоқ. Қыста клубымызға ең көбі екі-үш жаңа ойыншы қосылуы мүмкін.
Файзуллаев? Біз Аббостың келісімшартында көрсетілген сомаға қарамастан, қаржылық жағдайын жақсартуға тұрарлық деп есептедік. Біздің клубта мынадай қалыпты тәжірибе бар: егер біреу бізге X жалақымен келіп, өз еңбегімен Y жалақыға лайықты деп табылса, біз келісімшартты ұзартуды күтпейміз. Сондықтан біз Файзуллаевтің келісімшартын жаңартпай-ақ оның жалақысын көтердік», — деген Роман Бабаев РБ Спорт тілшісімен сұхбатында.
Бұған дейін, Ресейдің Сashsport сайты 21 жастағы өзбекстандық жартылай қорғаушыны Мәскеу клубында жылына 110 мың евро жалақы алатыны туралы ақпарат таратқан болатын. Бұл айына 9167 евро жалақы дегенді білдіреді.
Файзуллаев «ЦСКА» үздігінің бірі саналса да, жалақы мөлшері бойынша клубтағы ең төмен ақы алушылардың қатарында еді. Мысалы, команда капитаны саналатын қақпашы Игор Акинфеевтің жылдық жалақысы 1,6 миллион еуроны құраса, Дивеев 1,5 миллион евро, Обляков 1,25 миллион евро, Круговой 1 миллион евро жалақы алатыны көрсетілген.
Айта кетейік, Аббосбек Файзуллаев 2023 жылдың жазында 500 мың еуроға «Пахтакордан» «ЦСКА» клубына өткен. Ол осы маусымда Ресей Премьер-Лигасында 16 ойын өткізді, 2 гол соғып, 3 ассист жасады.