Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Covid: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 92 мыңнан асты
10:19 / 2021-05-03

2021 жыл 2 мамырдағы жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық аурулар саны 92 006 (+363) құрауда.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, өткен тәулікте індет анықталған аймақтар арасында ең көбі Ташкент қаласы (188 адам), Ташкент облысы (74 ), Самарқанд облысында тіркелген.

Соңғы дерекке сай, 337 азамат аурудан сауығып 1 науқас қайтыс болған. Жалпы статистика бойынша елде сауыққандар саны 87 965-ке жеткен болса, өлім саны 653-ті құрауда.

Қазіргі уақытта республикада 3388 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда.