Өзбекстанда 4 тамыз күні 951 адаманан коронавирус анықталды. Бұл жыл басынан бергі тіркелген кезектегі күндік жаңа антирекорд саналады.
«2021 жылдың 4 тамыз күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 133 852 (+951) жетті», - делінген ДМС хабарламасында.
Жаңа жағдайлар:
Қарақалпақстан Республикасында - 101 адам,
Әндіжан облысында - 43,
Бұхара облысында - 21,
Жызақ облысында - 103,
Қашқадария облысында - 34,
Науаи облысында - 19,
Наманган облысында - 40,
Самарқанд облысында - 99,
Сырдария облысында - 28,
Сұрхандария облысында - 102,
Ферғана облысында - 95,
Хорезм облысында - 32,
Ташкент облысында - 106,
Ташкент қаласындағы 128 азаматта коронавирус жұқтырған жандармен байланыста болғанан кейінгі тест алынғандар арасынан анықталған.
Бұдан бөлек, кеше тәулік бойы 559 адамға пневмония диагнозы қойылды. Қазірде олардың жалпы саны 12 984 жетті. Кеше 4 науқас қайтыс болған. жалпы пневмониядан бүгінге дейін 87 азаматтың өлімі тіркелді.
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы хабарламасында, өткен тәулікте 9 індет жұқтырған науқас қайтыс болып, 932 азамат аурудан сауыққаны айтылған.
Бүгінде елдегі сауыққандардың жалпы саны 127 309-ға жеткен болса, өлім саны 910-ды құрауда.