COVID антирекорд: Өзбекстанда өткен тәулікте 924 адаманан коронавирус анықталды
Өзбекстанда 30 шілде күні 924 адаманан коронавирус анықталды. Бұл жыл басынан бергі тіркелген жаңа антирекорд.
«2021 жылдың 30 шілдесіндегі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 129 327 (+924) жетті», - делінген ДМС хабарламасында.
Жаңа жағдайлар:
- Қарақалпақстан Республикасында - 95 адам,
- Әндіжан облысында - 35,
- Бұхара облысында - 17,
- Жызақ облысында - 99,
- Қашқадария облысында - 29,
- Науаи облысында - 20,
- Наманган облысында - 35,
- Самарқанд облысында - 94,
- Сырдария облысында - 28,
- Сұрхандария облысында - 102,
- Ферғана облысында - 89,
- Хорезм облысында - 47,
- Ташкент облысында - 98,
- Ташкент қаласындағы 136 азаматта коронавирус жұқтырған жандармен байланыста болғанан кейінгі тест алынғандар арасынан анықталған.
Бұдан бөлек, кеше тәулік бойы 559 адамға пневмония диагнозы қойылды. Қазірде олардың жалпы саны 10 357 жетті. Кеше 4 науқас қайтыс болған. жалпы пневмониядан бүгінге дейін 70 азаматтың өлімі тіркелді.
Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы хабарламасында, өткен тәулікте 8 індет жұқтырған науқас қайтыс болып, 796 азамат аурудан сауыққаны айтылған.
Бүгінде елдегі сауыққандардың жалпы саны 123 164-ке жеткен болса, өлім саны 874-ті құрауда.