Covid-19: Өзбекстанда сауыққандар 223 мыңнан асып, жалпы көрсетікш 95 пайызды құрауда
Өзбекстанда 17 қаңтар күні тәулік бойы 1366 азамат емделіп шығып елдегі жалпы сауыққандар саны 223 076-ға жетті. Сауығу деңгейі қазіргі кезде 95 пайызды құрауда.
«2022 жылдың 17 желтоқсан күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны 234 872 (+272) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.
Сондай-ақ, кеше коронавирустан 2 адам қаза болып, қазірде құрбандар саны 1614 құрауда.
Пневмония жағдайы бойынша өткен күні 49 жағдай анықталған.