Covid-19: Өзбекстанда індеттен сауыққандар саны 164 мыңнан асты
Өзбекстанда 22 қыркүйек күні тәулік бойы 629 азамат емделіп шығып елдегі жалпы сауыққандар саны 164 614-ке жетті. Сауығу деңгейі қазіргі кезде 96 пайызды құрауда.
Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда өткен тәулікте 531 адамнан індет, 118 кісіде пневмония анықталғаны және екі аурудан 5 науқас қайтыс болғанын хабарлады.
«2021 жылдың 22 қыркүйектегі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны 170 520 (+629) жетті», - делінген хабарламада.
Пневмония анықталғаны науқастар арасында 1 азамат көз жұмған. Бүгінге дейін осы аурудан өлім саны 220 жетті. Қазірде жалпы пневмония науқастар саны 26 577 жеткен және олардың 23 975 сауығып шыққан.
Сондай-ақ, кеше коронавирустан 4 адам қаза болып, қазірде құрбандар саны 1207 құрауда.