Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Covid-19: Өзбекстанда індеттен сауыққандар 98 пайызды құрауда
11:13 / 2021-10-21

Өзбекстанда 20 қазан күні тәулік бойы 340 азамат емделіп шығып елдегі жалпы сауыққандар саны 178 319-ға жетті. Сауығу деңгейі қазіргі кезде 98 пайызды құрауда.

Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда өткен тәулікте 361 адамнан індет, 7 кісіде пневмония анықталғаны хабарлады.

«2021 жылдың 20 қазандағы жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны 182 421 (+361) жетті», - делінген хабарламада. 

Пневмония анықталған науқастар арасында 13 азамат сауығып, қазірде жалпы пневмониядан сауыққандар қатары 26 090 жеткен. Ал жалпы пневмониядан зардап шеккендер 27 588 азамат.

Сондай-ақ, кеше коронавирустан 2 адам қаза болып, қазірде құрбандар саны 1297 құрауда.