Covid-19: Өзбекстанда індеттен сауығу деңгейі 99 пайызды құрауда
Өзбекстанда соңғы күндері коронавирустық ахуал жақсарып, індеттен сауыққандар саны артып келеді.
29 наурыз күні тәулік бойы 39 азамат емделіп шығып елдегі жалпы сауыққандар саны 235 559-ға жетті. Сауығу деңгейі қазіргі кезде 99 пайызды құрауда.
«2022 жылдың 29 наурыз күнгі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны 237 710 (+23) жетті», - делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.
Сондай-ақ, кеше пневмония және өлім жағдайы тіркелмеген.