Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
COVID-19: Өзбекстанда індет жұқтыру бойынша антирекорд жаңарды
10:01 / 2021-07-29

Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда жыл басынан бері коронавирустың күнделікті жағдайы бойынша тағы бір анти-рекорд орнағанын хабарлады.

«2021 жылдың 28 шілдесіндегі жағдай бойынша Өзбекстанда тіркелген коронавирустық инфекциялардың саны – 127 506 (+879) жетті», - делінген хабарламада.

Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Ташкент облысы (+105) мен қаласында (+126 адам) тіркелген.

Республика аумағында коронавирус жұқтыру деңгейі артуымен қатар пневмония жағдайы да өсіп келеді. Кеше тағы да 529 азаматта ауру белгілері анықталған.

ДСМ-нің дерегінше, өткен тәулікте 573 азамат аурудан сауығып, 6 науқас індеттен көз жұмған. 

Бүгінде республика аумағындағы сауыққандардың жалпы саны 121 718-ге жетіп, өлім саны 859-ді құрауда.