English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
COVID-19: Өзбекстанда індет жұқтырғандар саны 87,5-мыңнан асты
10:07 / 2021-04-21

Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 20 сәуір күнгі жағдай бойынша 87 551 кісіге жетті.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, республика бойынша өткен тәулікте 12 аймақтан 326 азаматтан індет анықталып, бір науқас қайтыс болған.

Сондай-ақ, кеше 183 науқас сауығып шығып, ел аумағында олардың жалпы көрсеткіші 82 943-ке жеткен. Өлім саны 640 құрауда. 

Қазіргі уақытта республикада 2194 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 238-ның жағдайы ауыр, ал 113 науқастың хәлі өте ауыр екендігі айтылған.