Covid-19: Өзбекстанда індет жұқтырғандар 188,6 мыңнан асты
Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 9 қараша күнгі жағдай бойынша 188 619 кісіге жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, республика бойынша өткен тәулікте 221 азаматтан індет анықталған. 307 науқас сауығып шығып, 3 ауру азамат қаза тапқаны белгілі болды.
Бүгінге дейін ел аумағында індеттен сауыққандардың саны 184 814-ке жетіп, жалпы 98 пайызды құрауда. Ал өлім саны 1346-ға жеткен.