COVID-19: Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 77 мыңнан асты
Өзбекстанда ресми коронавирус статистикасы 2021 жыл 1 қаңтар күнгі жағдай бойынша 77 183 азаматта расталғаны белгілі болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, республикада өткен тәулік бойы коронавирус жұқтырғандар саны 56 кісіге көбейген. 132 науқас сауығып шығып, жалпы көрсеткіш 75 244 құрауда.
Қазіргі уақытта республикада 1324 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 156-ның жағдайы ауыр, ал 32 науқастың хәлі өте ауыр екендігі айтылған.