Covid-19: Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар 78,4 мыңнан асты
Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 24 қаңтар күнгі жағдай бойынша 78 429 кісіге жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, республика бойынша өткен тәулікте 54 азаматтан індет анықталған. 47 науқас сауығып шыққаны хабарланды.
Бүгінге дейін ел аумағында індеттен сауыққандар жалпы көрсеткіші 76 862 құрауда.
Қазіргі уақытта республикада 946 науқас ауруханада дәрігерлер бақылауында қалуда. Олардың 158-нің жағдайы ауыр, ал 32 науқастың хәлі өте ауыр екендігі айтылған.
Бүгінгі таңда Өзбекстандағы Қытай вакцинасының 3 фазалық сынақтары аясында ерікті ретінде қатысуға өтініш бергендер саны 10 мыңға жуықтаған.