Covid-19: Өзбекстанда коронавирус жұқтырған аурулар саны 191,5 мыңнан асты
Өзбекстанда коронавирус індетін жұқтырғандар саны 21 қараша күнгі жағдай бойынша 191 576 кісіге жетті.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, республикада өткен тәулікте 242 азаматтан індет анықталған және 308 науқас сауығып шығып, 3 ауру азамат қаза тапқаны белгілі болды.
Бүгінге дейін ел аумағында індеттен сауыққандардың саны 188 123-ке жетіп, жалпы сауығу деңгейі 98 пайызды құрауда. Ал өлім саны 1378-ге жеткен.